+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақмола облысының әкімі өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты

2020 жылғы 16 қаңтар 01:00
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының әкімі өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс бабымен Сандықтау ауданында болды. Онда әкім Балқашин және Сандықтау ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 26 жаңа гидротехникалық құрылым салу қажет - Мағзұм Мырзағалиев Алматыда бірқатар құрылыс нысанының сапасы тексерілді Түркістан облысында 1270 шақырым жол салынды

Биылғы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Сандықтау орта мектебіне күрелі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 238,4 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржыға үш қабатты ғимараттың шатыры, қабырғалары, едені, терезесі, есіктерін ауыстыру жоспарда бар. Мектеп жанында шағын орталық жұмыс істейді. Онда 20 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ал мектептегі оқушы саны 188 баланы құрайды.

Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев атап өткендей, ағымдағы жылы Сандықтау ауылында 70 млн теңгеге және Балқашин ауылында 83 млн теңгеге ауылішілік көшелерге (4,6 км) асфальт төселмекші.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев ұстаздармен кездесуінде педагог мамандығының маңыздылығына тоқтала келе, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауы, оның ішінде «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы және биылғы жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер айлығының 25 пайызға артқанын атап өтті.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін ауылдардағы жолдар жақсарады. Сандықтау аудандық аурханасына 559 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Біз сіздердің жұмыс істеулеріңізге барлық жағдайды жасайтын боламыз. Ал сіздердің міндеттеріңіз оқушыларға сапалы білім беру», - деді аймақ басшысы.

Сандықтау ауылдық мәдениет үйін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.

«Мен мұнда әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысуға арнайы келдім. Бөлінген қаржы дұрыс игерілуі тиіс. Көктемде келіп, құрылыс жұмыстарымен танысамын», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы аудан орталығы – Балқашин ауылындағы мәдениет үйі, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Мирас» балабақшасы және №1 орта мектепте те болды. Облыстық бюджет есебінен және «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражаттарға күрделі жөндеу жұмыстарын ойдағыдай өткізу туралы аудан әкім мен тиісті сала басшыларына нақтылы тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Әкім, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT