USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ақмола облысының әкімі Мырзалин сәбидің тұсауын кесті

2018 жылғы 21 наурыз 17:34
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының әкімі Мырзалин сәбидің тұсауын кесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бір жасар Қайдар есімді сәбидің тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Көкшетау қаласындағы Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында өтіп жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы жерлестерін мерекемен құттықтады.

«Наурыз - жыл басы. Ата-бабамыздан бізге келіп жеткен қасиетті мереке. Бұл біздің халқымыздың береке - бірлігі және татулық пен достықтың белгісі. Ол - өткендi саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Жыл санап қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Еліміз жыл сайын өркендеп, экономикамыз дамып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы ел экономикасын дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағытында үлкен серпін берді. Жақында жарияланған бес әлеуметтік бастамалары халқымыздың өмір сүру жағдайын жақсартуға арналған үлген стратегиялық жоба. Біз бұл бағытта, яғни, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Осының бәрі қарапайым халық үшін жасалынып жатқан шаруалар. Баршаңызға да мереке құтты болсын! Ырыс пен игіліктер молынан болсын!» - деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.

null

Салтанатты шараның ішінде ең қызығы ата бабаларымыздан қалған салт-дәстүр саналатын тұсаукесер рәсімі. Осыны арнайы тамашалап көрген облыс әкімі Мәлік Мырзалин бір жасар Қайдар есімді сәбидің тұсауын кесіп, алғаш басқан қадамына сәттілік тіледі.

null

Бұдан кейін облыс әкімі Мәлік Мырзалин Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында тігілген ақшаңқай киіз үйлер мен ұлттық дәстүр дәріптелген спорттық ойындары, театрландырылған қойылымдар және көрмені аралап көрді. Шара отандық эстрада жұлдызы Әлішер Кәрімовтың ән шашуы мен «Наурыз мереке!» атты мерекелік бағдарламаға ұласып, мейрамның көркін одан сайын қыздырды. Әсіресе, облыстық филармонияның әншілері мен облыстың шалғайы кенттерінен келген көркемөнерпаздар ұжымдары мерекені әсем әнмен әрлендіріп, күміс күймен, мың бұралған бимен түрлендіріп, көп көңілін шалқыта түсті.

null null null null null null null null null null null null null

Мерекелік шара облыстың әр ауданында сән-салтанатпен аталып өтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT