Ақмола облысының әкімі көпбалалы отбасыларға сыйлық жасады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықаралық отбасы күні Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында тұратын бірқатар үлгілі, көпбалалы отбасылардың үйінде болып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Андрей мен Олеся Пирожковтар төрт бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қыздары Вероника мен Анжелика колледжде оқиды, ортаншысы Юлия - жетінші сыныпта, ал ұлы Денистің жас мектепке жетпеген.
Кездесуде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа мөлшері қомақты материалдық қолдау болғаны айтылды.
«Атаулы әлеуметтік көмектің сомасы 10 есеге артты. Қазіргі уақытта 117 мың теңге аламыз», - дейді үй иесі Андрей.
«Мемлекет табысы аз көп балалы отбасыларға қамқорлық жасап отырғанына қуаныштымыз. Мен уақытша жұмыс істемеймін, отағасы - ЖШС жүргізушісі, оның жалақысы бәріне жетпейді», - деді оның жұбайы.
null

Ал, Ысқақовтардың шаңырағына барғанында Ермек Маржықпаевты отағасы - Ақмола облысындағы жалғыз балалар нейрохирургі Нұржан Мендібайұлы қарсы алды. Бұл мамандық иесі көрші Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы ауруханаларда тапшы көрінеді. Сол себепті, Нұржан Ысқақов бұл өңірлерден келген науқастарға да медициналық көмек көрсетіп келеді.

«Нұржан Мендібайұлы Жақсы ауданы Қима ауылының тумасы. Еңбек жолын Атбасар қаласында бастаған. Он жыл бұрын жұбайы - бастауыш сынып мұғалімі Мира Жанұзаққызымен Көкшетауға қоныс аударған. Жан жолдасы Мира екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Дидар мен қызы Инабат IT-мектеп-лицейінде оқиды, кіші ұлы Аңсар және төрт айлық Аянат әзірше уақыттарының көпшілігін анасымен өткізеді. Нұржан да, Мира да көпбалалы отбасыдан шыққан. Сондықтан олар қанша бала болуы керек деп ешқашан ойламаған. Оның үстіне Ысқақовтармен қазір Нұржанның ата-анасы бірге тұрып немерелерін бағуға көмектесіп жатыр, Меңдібай Ысқақұлы өмір бойы мал дәрігері болып істеген, ал Майра Мырзағалиқызы ұстаздық еткен», - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Мерекемен құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Пирожковтар мен Ысқақовтар отбасыларына бір-бір ет салатын ағаш астаудан сыйлады.
«Ерекше сыйлық тартқым келді, астау (ет табақ) - қонақжайлылықтың, ынтымақты отбасының белгісі. Дастархандарыңыз әрқашан да бай болсын»,- деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар