Ақмола облысының әкімі қаза болған «Охотзоопром» инспекторының отбасына көңіл айтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаза болған «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Браконьерлерді ұстау кезінде қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтамын. Екінші инспектор, Оспанов Самат, санавиациямен Ақмола облыстық ауруxанасына ұшақпен ұшуда, жағдайы бірқалыпты ауыр. Тез сауығып кетуіне тілектеспін.

Қылмыскерлерді іздестіру жедел шараларына барлық Ішкі істер саласының қызметкерлері дабыл бойынша көтерілді», деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында киік атқандарды анықтайды. Браконьерлер ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атады, салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмды, ал, оның 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық ауруханаға жатқызылған еді.

Осыған орай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядынан күдіктілердің көлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блок бекет қойылған болатын.

Артынша, бұл іс ҚР Ішкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы бақылауына алынды. Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар