USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысының әкімі халық алдында есеп береді

2016 жылғы 23 ақпан 16:46
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының әкімі халық алдында есеп береді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 24 ақпан күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері» туралы халық алдында есептік кездесуі өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында өтетін шараға ҚР Әділет министрі Берік Имашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов, сондай-ақ, аудан және қала әкімдері, өзге де мемлекеттік органдар мен мәслихат депутаттары, ірі кәсіпорындардың, әлеуметтік сала және мемлекеттік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Кездесу аясында 2015 жылы облыстың индустриялық даму саласындағы қол жеткізген жетістіктерін көрсететін өңірдегі ірі 22 кәсіпорын өнімдері ұсынылған көрме өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT