Ақмола облысының әкімі Есіл және Жарқайың аудандарына барды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Есіл және Жарқайың аудандарында болып, әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл ауданында болғанында аймақ басшысы «Есіл Ман», «Мадияр К» және «Заречное» серіктестіктерінің егіс алқаптарын аралап, диқандармен кездесті. Шаруашылық басшылары тұқым себу жұмыстарын алдағы 2-3 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Есіл ауданында астық және бұршақ тұқымдастарының егістік алқабы 440 мың гектарды құраса, Жарқайың ауданында 635 мың гектар алқапқа тұқым себу жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер төмендетілген бағадағы жанар-жағармаймен толық қамтылған. Көктемгі науқанда жоғары сапалы тұқым қолданылуда, әсіресе жергілікті элиталық тұқым шаруашылықтарының өнімі сұранысқа ие. Аграрлық шаруашылықтар заманауи техникалармен жабдықталған.
null

Кездесуде облыс әкімі Ермек Маржықпаев шаруашылық басшыларына ауыл шаруашылығы мамандарын дуалды оқытуды жүзеге асыру шеңберінде Есіл қаласының Агротехникалық колледжімен әріптестік байланыс орнатуға шақырды. Бұл оқу орны 60 жылдан бері білікті мамандар даярлап келе жатқан қара шаңырақ. Оқу орнының аумағында 14 ғимарат орналасқан, оның ішінде оқу корпусы, 5 зертхана, өндірістік шеберханалар, 2 жатақхана, қоғамдық-тұрмыстық корпус бар. Мұнда сұранысқа ие агротехникалық мамандықтар бойынша облыс жастары білім алуда.
nullnull null null null null

«Мен бүгін колледж жұмысымен таныстым. Онда оқып жатқандар болашақ дәнекерлеушілер, механизаторлар, тракторшылар. Оларды тәжірибе жинауға шақырыңыздар. Әлеуетті жұмыс берушілер ретінде сіздер олардың бәсекеге қабілеттілігіне мүдделі болуға тиіссіздер. Тәжірибелі тәлімгерлердің қолдауымен сіздердің озық техникаларыңызда жұмыс істей отырып, балалар өз білімдерін қолдану үшін лайықты жағдайларға ие болады деген сенімдемін. Аграрлық саланың білікті мамандарын барлығымыз бірлесе дайындауымыз керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.

null

Жарқайың ауданында «Жарқайың», «Костычев» серіктестіктері және «Аминов» жеке кәсіпкерлігінде атқарылып жатқан игі істерге қанықты.

Осы ретте, аймақ басшысы аудан әкімдері мен шаруашылық басшыларына алдына ала белгіленген кестеге сай көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы орындауды тапсырды. Сонымен қатар, өңірлерде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ширатуды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар