Ақмола облысының әкімі ерте таңнан көктемгі су тасқынының қаупі бар аймақтарды өзі бақылап жүр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ерте таңнан аудандардағы көктемгі су тасқынының қауіпі жоғары нысандар мен елді-мекендерді бақылап жүр.

Аймақ басшысы бүгін таңертеңгі сағат 08-ден Сандықтау ауданының Сандықтау ауылы маңындағы Жабай өзені үстімен өтетін көпір және карта арқылы осы өңірдегі жалпы жағдаймен танысты.

Одан әрі аудан орталығы Балқашин селосынан шыға берісте ТЖ бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығын пысықтады.

Осы орайда алдын алу шараларын су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендер мен жақын ауылдарда су басу қаупін болдырмас үшін ондағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қазір жағдай өте күрделі. Даладағы қар әлі еріген жоқ.  Зеренді ауданында -75 пайыз,  Сандықтау ауданында - 80 пайыз қар әлі жатыр. Өзге өңірлерде де жағдай мәз емес. Сондықтан күн-түн демей су тасқыны ықтимал 4-12 сәуірі күндер аралығын ойдағыдай өткізіуіміз керек. Ол үшін су басу қаупі бар елдімекендерге, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді аман сақтап қалуға барлық күшті жұмылдыру қажет», деді С.Кулагин.

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар