Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз таңдауын жасады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы №1 орта мектепте орналасқан №8 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлауға қатысып, дауыс беру - әр қазақстандықтың, оның ішінде Ақмола облысы тұрғындарының азаматтық парызы», - деді Е.Маржықпаев.null

Айта кету керек, аталмыш сайлау учаскесінде барлығы 1 589 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 4 адам үйде дауыс беретіндігі жөнінде өтініш жазған. null

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 08:00-де еліміздің барлық аймақтарында 9 920 сайлау учаскесінде азаматтар дауыс беруге кірісті. Оның ішінде 15 мемлекеттегі 17 сайлау учаскесі де бар.

Соңғы жаңалықтар