Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинді құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Индонезияда өтіп жатқан 18-ші Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден алтын жүлдеге ие болған жерлес спортшы Дмитрий Алексанинге  құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаға сілтеме жасап.

Облыс әкімі өзінің жеделхатында: «Сіз бұл дүбірлі жарыста біздің облысымыздың өкілі ретінде үлкен жеңіске жеттіңіз. Сізге жеңіс жолында жұмсаған  ерік күшіңіз бен шеберлігіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіз өзіңізге деген бапкерлеріңіз бен жанкүйерлеріңіздің үлкен сенімін ақтап қана қоймай, Отанымыз Қазақстанның спорттағы биік жетістіктерін әлемге паш еттіңіз», деп атап көрсетті. 

Айта кетейік, Дмитрий Алексанин финалда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Оңтүстік Кореялық Пак Сан Енді ұтып, бас жүлдені жеңіп алды. 

null 

Соңғы жаңалықтар