Ақмола облысының әкімі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жалпы өзіме нақты жұмыс істеген ұнайды. Аймақ басшысы Мәлік Мырзалин өңірдегі БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихаты барысында өзіне сұрақ қойған тілшіге осылай жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Баспасөз мәслихаты кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған аймақ басшысы журналистердің қойған сауалдарына да жауап берді.

«Сізге дейінгі облыс басшылары әртүрлі мамандықтардың иесі болды. Олардың арасында экономистер, ауыл шаруашылығының мамандары, құрылысшылар, тіпті, күштік құрылымның өкілдері де қызмет етті. Сіз облыс әкімі болып тағайындалған бірінші дипломатсыз. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Сізді облыс активіне таныстырып, тағайындағалы 100 күн өтті. Сол жолы Елбасы аймақты дамытуға байланысты бірқатар мәселелерді қойды. Ақмола облысының одан әрі дамуына қатысты сіздің көзқарасыңызды білгім келеді»,-деген сауал қойды журналист.

Оған жауап ретінде әкім. «Иә, мен шынында да менің мамандығым дипломат. Кешегі кеңес заманында мұндай мамандыққа ие болу оңай емес еді. Біздің курстастар жыл аралатып кездесу өткізеді. Бір қызығы мұндай кездесулер Мәскеуде емес, Астанада өткізіліп жүр. Мен Мәскеуден Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне келдім. Жергілікті жердегі жұмыспен сол кезде айналыстым. Жалпы өзіме нақты жұмыс істеген ұнайды. Мысалы, ел игілігіне жаратылатын жақсы бір ғимарат салдың екен дейік, әлгі еңбегің қанша жыл халықтың кәдесіне жарайды ғой», - деді.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына жиналған журналистер облыс әкіміне туризмді дамыту, елді мекендерді көркейтіп, абаттандыру, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын ширату, Астана-Бурабай бағытындағы күре жолдың бойындағы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, Астана қаласы маңында демалыс орындарын көбірек ұйымдастыру тәрізді сан алуан сауалдар қойды.

Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көкейінде жүрген сауалдарға барынша ашық әрі жан-жақты жауап қатты. Сөз соңында облыс басшысы өзінің тілшілер қауымымен тілдесуге қашанда дайын екендігін айта келіп, оларды алдағы төл мерекелерімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар