Ақмола облысының әкімі аудандардағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов облыстағы бірқатар аудандарды аралап, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Меруерт Палмаханова.

Облыс әкімі алдымен Жарқайың ауданындағы «Мадияр- К», «Ваur-Agro», «Жер-1» ЖШС-рі, «2+3» шаруашылығы, «Агропромтехника» АҚ егістік алқаптарында болып, диқандармен кездесті. «Жер-1» серіктестігінде өңір басшысы механизаторларға жасалған жағдайды өз көзімен көріп, шаруашылық басшылармен диқандардың басын біріктірген жиынға қатысты.

Кездесуде облыс әкімі: «Бүгінгі күні елімізде ауылшаруашылығын қолдауға арналған жүздеген бағдарлама жұмыс істейді. Әсіресе, мал басын көбейтіп, егістік алқаптарын әртараптандырып, жаңа технологиялар енгізуге ниетті тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді.

Бүгінгі күні «Жер-1» шаруашылығы 11 мың гектардан астам алқапқа егін егуде. Сапары барысында аймақ басшысы Уәлиханов ауылында болып, онда жүріп жатқан отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Сондай-ақ тұқымды асылдандыратын шаруашылықта болып, агрономдармен кездесті.

Атап айтсақ, бүгінгі таңда Жарқайың ауданында 556,4 мың гектар алқапқа дән сіңірмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектар алқапқа артық. Алқаптарды әртараптандыруда біршама жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов осы күнгі сапары барысында Атбасар және Жақсы аудандарында болды.

Соңғы жаңалықтар