Ақмола облысының әкімі атбасарлықтарға қол ұшын берген аймақтарға алғыс білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов Атбасар қаласында тасқын судан зардап шеккендерге қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсеткен Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдеріне, кәсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшыларына шынайы ризашылығын танытып, алғысын білдірді.

Оның айтуынша, табиғи апаттың құрбаны болғандарға алғашқылардың бірі болып, қайрымдылық көмек жіберген аталған өңірдің шаруашылықтары мен кәсіпорындардың және бизнес құрылымдарымен қатар, көрші облыстардың атымтай жомарттығы су тасқынынан келтірілген материалдық-моралдық шығынның орнын толтырмаса да, атбасарлықтарға демеу болды.

«Қиын сәтте, атбасарлықтарға қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсеткен Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдеріне, сондай-ақ, теріскей өңірдің және жергілікті кәсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшыларына шынайы ризашылығымды білдіремін» , - деді өз сөзінде Қ.Айтмұхаметов.

Еске сала кетсек, апаттан зардап шеккен атбасарлықтарға азық-түлік керуені өңір шаруашылықтарымен қатар көрші облыстардан да арнайы керуенмен жеткізілгенін хабарлаған едік. Осы орайда, қайырымдылық шарасына белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан облысынан жалпы құны 17 миллион теңгенің, Павлодар облысынан 8 миллион теңгенің және Қостанай облысынан 6 миллион теңгенің азық-түлігі мен құрылыс материалдары, киім-кешектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар әкелінді.

Соңғы жаңалықтар