Ақмола облысының әкімі Атбасарда салынып жатқан үйлердің құрылысын қыркүйек айында аяқтауды тапсырды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысын қыркүйек айында аяқтауды тапсырды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгін өңір басшысы Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Атбасар қаласында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан 45 пәтерлі қос үйдің құрылысымен танысты.

Еске сала кетсек, сәуір айында болған тасқын судың зардабы салдарынан Атбасарда көптеген үйлер жарамсыз болып қалған еді. Мұнда арнайы жүргізілген сараптама комиссиясы шешіміне сай 201 үй жарамсыз, 357 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын қажет деп танылған болатын.

Осы мақсатта Үкіметтен 500 миллион теңге қаржы бөлініп, оған медициналық колледж ғимараты пәтер ретінде қайта жөнделуде. Сондай-ақ, жаңадан 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталып, қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Енді міне, 45 пәтерлі үшінші үйдің алғашқы қазығы қағылды. Мердігер компания - астаналық «АССМ-01» ЖШС.

Осы орайда облыс әкімі Сергей Кулагин аудан әкімі Жомарт Нұркеновке аталған үйлердің құрылысын көп кешіктірмей қыркүйек айында аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар