Ақмола облысының әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды , деп хабарлады облыстық әкімінің баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың өкімімен Талғат Бөлтенов облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Талғат Бөлтенов 1970 жылы туылған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы, Есеп және статистика республикалық салааралық институтын «қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1988 жылы бастады. 1996-1999 жылдары коммерциялық салада түрлі қызметте істеді. 1999 жылдан - мемлекеттік қызметте. Бас маман қызметінен, бөлім меңгерушісі, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Соңғы жұмыс орны - облыстық қаржы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар