Ақмола облысының әкімдігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін аппараттық кеңесте өңір басшысы Ермек Маржықпаев Ақмола облысы әкімі аппаратының жаңа әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожақызы Жанәділованы таныстырды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Айнагүл Жанәділова, 1973 жылы Көкшетау қаласында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы Алматы гуманитарлық университетін бітірген.

1999-2018 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасында істеді. 2012-2018 жылдары осы Басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысы бойынша статистика департаменті заң басқармасының басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар