Ақмола облысының «Агрофаки» командасы КВН лигасында жеңіске жетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Агрофаки» КТК құрама командасы өңіраралық солтүстік лиганың іріктеу ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникацияар қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің Ханты-Мансы автономдық округіне қарасты Нягань қаласында КТК халықаралық одағының өңіралық солтүстік лигасының 1/8 финалы ойындары өтті. Оған Астананың «Қорғалжын» және Ақмола облысының «Агрофаки» командаларымен бірге Ханты-Мансының «На параллели» және Салым қаласының «Балаганчик» командалары қатысты.
null 

Командалар «Таныстыру», «Инстаконкурс», «Разминка» және «Коп» байқаулары бойынша ұшқыр әзіл мен актерлік шеберліктерін сынады. Инстаконкурс барысында «Агрофаки» КТК командасы Көкшетау қаласы  туралы видеоны көрсетті. Одан әрі «Коп» байқауында командалар жерлестерінің жетістіктері мен кемшіліктерін әнге қосып айтты.

Нәтижесінде  16,9 ұпайымен жеңімпаз атанып, ширек финалға шықты.

Екінші орын 16,6 ұпай жинаған «Қорғалжын», үшінші және төртінші орындарды  15,1-14,4 ұпаймен  «Балаганчик» пен «На параллели» командалары өзара бөлісті.

Айта кетейік, аталған лига КТК халықаралық одағының ішінде ең танымалы болып саналады. КТК Жоғары лигасында «Камызяки» командасының құрамында чемпион болған Денис Дорохов пен Александр Панекин аталған лиганың редакторлары болып саналады.
null 

Соңғы жаңалықтар