Ақмола облысының аграрлық саласы digital деңгейіне көтерілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аграрлық саласы digital деңгейіне көтерілуде. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында биылғы жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы шығарылған есептік кездесуінде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі өз сөзінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын цифрландыру мәселесіне назар аударды.

«Бірінші кезеңде егістік алқаптарының электрондық картасын жасау аяқталды. Облыс бойынша барлығы 5 миллион 800 мың гектар егістік алқапта цифрландыру жүргізілді», - деді М. Мырзалин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жүргізу үшін биылғы жылы бірінші рет 19 миллион теңге қаржы бөлінгенін атап өтті.

Бұл агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізуге, жанар-жағармайды үнемдеуге және тыңайтқыштарды тиімді қолдануға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар