Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын іздеп табуға көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі обылстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Астрахан аудандық полиция бөлімінің аккаунтына ұлын іздеп табуға көмектескен полицейлердің атынан бейнежазба және алғыс хат келді.

«Қарашаның 25-де Астрахан ауылының 70 жастағы тұрғыны телефон шалды. Әйел қарашаның 24-де сағат 21:00 үйінен шығып, қайтып оралмаған 41 жастағы ұлын іздестіруге көмек сұрады. Ер адамның үйіне келмей қалу әдетті болмаған, сондықтан анасы полиция бөліміне хабарласып көмек сұраған», - деді ведомстводан.

Әйелдің сөзінше, ол ұлының өміріне алаңдаулы. Тәртіп сақшылары ер адамды жедел іздестіріп, бір тәуліктің ішінде тапты. Оның мекенжайы туралы бірден анасына айтты. Ер адамға қатысты қандай да бір қылмыс пен құқықбұзушылық жасалмаған. Әйел тәртіп сақшыларының жұмысына шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар