Ақмола облысының 200-ге жуық тұрғыны астаналық кардиологтардан кеңес алды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік жүрек күнін мерекелеу аясында Көкшетау қаласындағы «Viamedis» ЖШС емханасының базасында Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының (ҰҒМО) кардиолог мамандары жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен есепте тұрған науқастар үшін консультативтік қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда кардиолог мамандарға сұраныс жоғары. Өйткені, әлем бойынша өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі жүрек дертіне шалдыққан науқастар арасында байқалады. Сол себепті 2021 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласындағы «Viamedis» ЖШС емханасының базасында кардиоцентр немесе дәрігерлер тілімен айтқанда Жүрек орталығы жұмыс істеп келеді.

«Бізде қан айналымы жүйесінің ауруларымен есепте тұрған науқастар бар. Олар үнемі тексеруден өтіп, консультациялық көмек және диагностикалық қызметтер алады. Тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін науқастар үшін күндізгі стационар төсек-орындары жұмыс істейді. Бұл науқастардың қажет кезде дәрігерлік кеңес алып, уақтылы емделуіне мүмкіндік береді. Мұның бәрі көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға, бірақ ең алдымен науқастардың денсаулығын жақсартуға бағытталған», - дейді кардиоорталық пен мамандандырылған терапевтік көмек бөлімшесінің басшысы Саида Қожахметова.

Орталықтың жұмысын күшейту үшін Көкшетауға Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының (ҰҒМО) мамандары шақырылды, олар науқастарға консультативтік қабылдау өткізді. Олардың қатарында кардиологтар Айкүміс Мәншәріпова, Гүлнар Ақтанова, кардиохирург Бегім Орынбасаров, УДЗ маманы Сәуле Нұрақаева, Кардиоинтервент Абай Ахатов, сондай-ақ екі резидент бар.

«Біз D-есепте тұрған 200-ге жуық науқасты таңдап алдық, олар қайта қаралады, жүргізу тактикасын анықтайды, қажет болған жағдайда емдеуде түзету жасайды. Содан кейін біз науқастарға стационар немесе Астана орталықтарына жолдама қажет пе, жоқ па, соны анықтаймыз», - деді Саида Қожахметова.

Көкшетау тұрғыны Алмагүл Бейсенова инфаркттан кейін есепке алынған. Әйел келген дәрігерлер мен емхана басшылығына кеңес алу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

«Көптеген дертім бар, бірақ оның ішінде ең бастысы – жүрек-қан тамыр жүйесі, оны емдеу керек. Біздің емханада төрт кардиолог, өте мықты дәрігерлер бар, бірақ та соған қарамастан бәрібір қосымша мамандардың болғаны маңыздырақ. Тек кардиологтар ғана емес, эндокринологтар, аллергологтар, невропатологтар, нейрохирургтар да қажет. Біз олардың келуін күтеміз», - дейді әйел.


Кардиоинтервент Абай Ахатов атап өткендей, Көкшетауға жұмыс сапарымен келуде басты мақсат, емдеу диагностикасы, оталар және науқастың нақты диагнозын анықтау, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық түрінде жоғары мамандандырылған жедел көмек көрсету.

«Біз Көкшетаудағы емханаға келісім бойынша келіп отырмыз. Біздің орталықта көптеген профильдер бар және оның мықты тұстарының бірі – жүрек-қан тамырлары аурулары. Бүгінгі таңда біздің мамандар аритмологиялық порок, жүрек соғысының және клапанының бұзылуы, туа біткен жүрек кемістігі, жүрек тамырларының зақымданулары бар науқастарды тексерді. Сондықтан әрқайсысының өз ұсыныстары бар, қаншалықты жиі тексеруден және емдеуден өту керек. Созылмалы жүрек кемістігін емдеу тактикасын таңдауды қажет ететін көптеген науқастар болды. Біздің клиника базасында жүрек ауруы бар науқастарға көмек көрсету бойынша барлық спектр бар екенін атап өтемін», - деп түсіндірді Абай Ахатов.


Дәрігерлердің айтуынша, енді Ұлттық ғылыми медициналық орталығы мамандарының мұндай сапарлары тұрақты негізде ұйымдастырылып тұратын болады. Бұл тәжірибе алмасуға және Көкшетау мен Ақмола облысының тұрғындарына сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік бермекші.

Айта кетсек, Ақмола облысында 800 мыңға жуық адам емханаларға тіркелген .

Соңғы жаңалықтар