Ақмола облысының 12 елдімекенінде әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделеді
2020 жылғы 19 мамыр 02:30

Ақмола облысының 12 елдімекенінде әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғырту бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жоба шеңберінде өңірдегі тоғыз ауданда перспективасы бар 12 елдімекенде көліктік инженерлік құрылым, әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жөнделеді және жаңадан салынады.

Бүгінгі таңда Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары және Краснояр кетінде барлығы 18 әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Бұлардың арасында жылу жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт нысандарының құрылысы бар.

Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде 35 жоба жүзеге асырылып, 2000 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғырту үшін облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде. Аудандардың 50 жылдық мерейтойына сыйлық ретінде абаттандыру бойынша 50 жоба жүзеге асырыл а ды. Оның ішінде ең ірі жобалардың бірі – мерейтой қарсаңында аяқтау жоспарланып отырған аудандық орталық ауруханалар және жатақханалар, мәдениет үйлері, орталық стадион, алаңдар, 5 мектеп, 2 саябақты жөндеу жоспарланған, сондай-ақ, 16 пәтерлі тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым, спорт залы, жаяу жол сияқты нысандар салынатын болады.

Егіндікөл аудандық ауруханасының терапевт дәрігері Алтынсара Қасенова 1985 жылдан бері аудан орталығында тұрып келеді.

«Біз ұжымдағы әріптестерімізбен бірге аудан үшін маңызы зор нысан – аудандық ауруханаға жүргізілетін жөндеу жұмыстарын тағатсыздана күтіп жүрміз», – дейді Алтынсара Қасенова.

Қазіргі кезде күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Жоба бойынша үш қабатты ғимараттың барлық қабаты жөнделеді. Оның ішінде ғимараттың шатырын ауыстыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңарту, пластикалық терезелер орнатып, сыртқы келбетін қалпына келтіру жоспарланған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT