Ақмола облысындағы жол апатынан үш адам мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі көлік соқтығысты. Салдарынан үш адам көз жұмып, екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы желтоқсанның 19-да сағат 17:28-де Есіл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны телефон шалып, «Жезқазған-Петропавл» автожолының 551 шақырымында жол апаты болғанын айтқан.

«Анықталғандай, сағат 17:14 «Жезқазған – Петропавл» автожолы арқылы Арқалықтан Қостанай қаласына бағыт алған «Шевроле-Триблейзер» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі маневр жасамақшы болып, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «DAF» көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы 25 жастағы қыз бен 39 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Есіл ауданының ауруханасына жатқызылды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, жол апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар