Ақмола облысындағы заманауи сүт өнімдері фермасы қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылында заманауи сүт және сүт өнімдері фермасы жұмыс істеп тұр. Жергілікті жеке кәсіпкер өз ісін 2015 жылы қолға алып, бүгінде халықты сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. «Абдрахманов» жеке кәсіпкерлік фермасының басшысы Болат Әбдірахманов аталған кәсіпорын жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біздің фермада 480 сиыр және 109 жылқы бар. Басында олардың саны 200 ғана болған, кейін оны өсіру керек деген шешімге келдім. Агронесиелік корпорациясының «Агрокәсіп-2020» бағдарламасы арқылы 88 млн теңге несие алып, оған Чехиядан 96 бас ірі қара малын сатып алдым. Оның 60 басы монбельярд тұқымы және 36 ірі қара мал симментал тұқымына жатады. Сондай-ақ, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 82 млн теңге көлемінде несие алдық, ол қаржыға биыл жыл соңына дейін Словакиядан 53 ірі қара мал әкелетін боламыз. Одан бөлек, қаржылық қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында Чехия мен Словакиядан тағы 109 бас ірі жеткізілді», - деді Болат Әбдірахманов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, аталған кәсіпорын сүт және сүт өнімдерімен жергілікті және көрші облыстарды қамтып отыр. Және орташа есеппен бір сиыр 28 литр сүт береді.

«Фермада 20-дан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жұмысы толық автоматтандырылған, бір мезетте 20 сиыр сауылады. Сонымен қатар біздің малға жем-шөп дайындайтын өз зауытымыз бар. Зауытта заманауи неміс құрылғысы орнатылған, ол арқылы қажетті мөлшерде пайдалы мал азығын әзірлеуге болады», - дейді ол.

Сондай-ақ, 2015 жылы іске қосылған ферманың басшысы мемлекет тарапынан қолдаудың барын тілге тиек етті.


Соңғы жаңалықтар