Ақмола облысындағы үш елді мекенге апаратын жолды су басты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ағын судың көптеп келуіне байланысты Атбасар-Сочинское бағытындағы жол уақытша жабылды. Осы кезде 3 елді мекенге апаратын жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атбасар-Сочинское бағытындағы жол уақытша жабылды. Ағын су жиналып қалған, ол қармен араласып, далалы аймақтан жоғарыдан төмен қарай ағып, жолды басып қалды»,-деп түсіндірді Атбасар ауданы әкімдігінің Азаматық қорғаныс және төтенше жағдай мәселелелері жөніндегі бас маманы Вадим Ермаков.

Оның айтуынша, әзірге 3 елді мекенге апаратын жол жабық. Олар: Сепе, Сочинское, Ярославка ауылдары. Алайда бұл елді мекендерге ешқандай қауіп туып отырған жоқ. Шамамен бірнеше сағаттан соң су деңгейі төмендейді, содан соң жолды ашуға болады.

Соңғы жаңалықтар