Ақмола облысындағы теміржолда болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 20 ақпан күні Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: олардың бірі 1975 жылы туған әйел болса, екіншісі - 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай, теміржол жолымен жүріп өткені алдын-ала анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Ақмола облысында пойыз теміржолға шығып кеткен автокөлікті соққанын, қаза тапқандар бар екенін жазған болатынбыз. Бұл мәліметті Қазақстан Теміржолы жариялаған еді.


Фото:t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар