Ақмола облысындағы тасқын суға байланысты орын алған жағдай тұрақтандырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданы Чайкино ауылындағы тасқын суға байланысты орын алған жағдай тұрақтандырылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, даладағы қардың күрт еруіне байланысты Зеренді ауданындағы Шағалалы су қоймасындағы судың деңгейін реттеу үшін біраз су сыртқа ағызылған болатын. Осының нәтижесінде Краснояр және Чайкино елді мекендеріндегі жоғары вольтты электр бағандарын су шайып кетіп, тұрғындар жарықсыз қалған болатын. Бүгін алдын алу шараларының арқасында жағдай дұрысталып, үйлерге толығымен жарық берілді. Қазіргі кезде Шағалалы су қоймасындағы судың көлемі 24 миллион куб немесе жобалық қуаттылығынан 88,9 пайызды құрап отыр.

Ал су қоймасына сағатына 75 мың текше метр су ағып келіп жатса,122 мың текше метр су сыртқа жіберілуде.

Сондықтан, Ақмола облысы бойынша ТЖД бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдармен тұрғындар ескертілді.

Соңғы жаңалықтар