Ақмола облысындағы Степногор ЖЭО-сы қысқы маусымға әзірленуде

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау аясында «Степногор ЖЭО» ЖШС-на барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылға арналған жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес электр станциясын алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін №6, 7 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу, №3 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да №3, 7 қазандық агрегаттары бойынша және №3 күл құбырын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жөндеу жұмыстары МСУ-104, «РемЭнергоМаш» ЖШС, «Қазбилд центр» ЖШС және «Әйтілек Шатары» ЖШС мердігер ұйымдарының қатысуымен қолға алынды, екі ауысымда еңбек ететін 111 адам жұмылдырылған», деп жазды ведомстводан.

№7 қазандық агрегатын ашу кезінде қосымша ақаулар анықталуына және жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты осы қазандық агрегаты бойынша күрделі жөндеуді орындау мерзімдері ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар