Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын іздеушінің өлімі тіркелді

None
Фото: depositphotos.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола полицейлері Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздеушінің өлімі фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Степногорск полициясына 27 ақпанда «Центральная» шахтасының 520-көкжиегінде 1993 жылғы ер адамның қайтыс болу фактісі тіркелгені туралы хабарлама түскен. Ер адамның құрамында алтыны бар материалды өндіру үшін шахтаның төменгі жағына түскені анықталды. Сол кезде кен қабаты құлап кеткен. Қалған үш алтын іздеуші оның денесін алып шыққан.

ҚР ҚК 269-1-бабы 3-бөлігі «Қорғалатын объектіге заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар