Ақмола облысындағы көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов бес бала тәрбиелеп отырған отбасыға тұрғын үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезінде партия төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың өмірін жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Ол, ең алдымен, мемлекеттің табысы төмен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.

Партия төрағасы мен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмаларына сәйкес, 100 шаршы метрлік баспана көпбалалы Ахметжанов Қазиз бен Әлімбаева Гүлиямның отбасына берілді.
null

Бес баласы бар отбасы 10 жылдан астам уақыт пәтер жалдап, баспана кезегінде тұрған.

Берікжан Әбутәліпов көпбалалы отбасының үйіне барып, оларды мерекемен, қоныстоймен құттықтап, кір жуатын автомат машинаны сыйға тартты.

«Осы бағыттағы жұмысты бюджет қаржысы есебінен де, демеушілік көмек аясында да жалғастыратын боламыз», - деді Зеренді ауданының әкімі.

Соңғы жаңалықтар