Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау берілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы Кировское ауылының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округіне қарасты Кировское ауылының атауы Қаражон ауылы болып өзгертілсін.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен шешім-жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салай кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты екі ауылдық округке қазақша атау берілген еді. Атап айтқанда, Ерголка ауылдық округі – Тоқтамыс, ал Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш болып өзгертілді.


Соңғы жаңалықтар