Ақмола облысындағы бірнеше ауылдың атауын өзгерту ұсынылды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің атауы өзгеруі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Ақмола облысы әкімдігі мен өңірлік мәслихаттың бірлескен шешімінде көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аршалы ауданының Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы –Елтоқ ауылы және Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі деп аталсын», - делінген құжатта.

Ұсынысты ашық талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының атауы өзгертілген еді. Енді бұл аудан Сарыбел деп аталады.


Соңғы жаңалықтар