+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды

2020 жылғы 18 ақпан 16:48
Бөлісіңіз:
Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 18-19 күндері облыс аумағында оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұрып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 және 30 метрге дейін жетеді.

«Осыған байланысты ақпанның 18-де сағат 15:30 республикалық тас жолдардың «Екатеринбор–Алматы» 856-917 км (СҚО шекарасы–Жақсы кенті), «Жезқазған-Петропавл» 377-595 км (Қостанай обл. шекарасы–Знаменка кенті), «Қостанай–Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км (Қостанай обл. шекарасы–Сұрған кенті), «Жақсы–Есіл–Бұзылық» 64-80 км (Есіл қаласы–Бұзылық кенті) учаскелері, сағат 16:00 бастап «Нұр–Сұлтан–Ерейментау–Шідерті» (16-200 км (Нұр-Сұлтан қаласы–Павлодар облысы шекарасы) учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT