+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Ақмола облысындағы ауылдың тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді

2020 жылғы 1 желтоқсан 20:47
Бөлісіңіз:
Ақмола облысындағы ауылдың тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестоғай ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде су құбыры салынып, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова

Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Оны мердігер «ПСК Кокшетау Строй» ЖШС қолға алып, мерзімінде аяқтады.

Ерейментау ауданы әкімдігінің мәліметінше, жоба бойынша 9,3 шақырым су құбыры желісі тартылды. Су және кәріз құбырлары, су сорғыш станция, екі су жинайтын ұңғыма орнатылды. Сонымен бірге, станция мен резервуар аумағы қоршалып, аумағына ағаш отырғызылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде нысанға 38 адам аудандық еңбекпен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты.

«Бүгінгі таңда сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмыстары толық аяқталып, тұрғын үйлерге сапалы ауызсу тартылды. Еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің үйлеріне су құбырын мердігерлер өз есебінен жеткізді», - дейді аудан әкімі Абай Әлжанов.

Осы ретте, жергілкті тұрғындар көптен күткен ауыз суға қолжеткізген мердігер ұйымға алғыстарын айтуда.

«Сонау 90-шы жылдардан бастап суды Байсары ауылынан тасымалдап ішіп келдік. Енді ауызсу мәселесі шешілді. Осы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысымыз шексіз», - деді ауыл тұрғыны Байтеміров.

Айта кетсек, ағымдағы жылы облыста сумен жабдықтау жүйесін салу және жөндеу бойынша 54 елдімекенде 62 жоба жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT