Ақмола облысындағы ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында осымен 29-шы өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жолы өрт сөндіру бекеті Біржан сал ауданының Бірсуат ауылындағы «Баймырза Агро» ЖШС-нан ашылды. Өрт сөндіру бекеті Бірсуат, Мамай және Заурал ауылдық окургтерінің және далалы орман массивтерінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді», - дейді ведомство өкілдері.

ТЖД жаңа бөлімшені өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етсе, аудан әкімдігі 5 миллион теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Ерейментау ауданындағы «Қазақстан Инжиниринг автожөндеу зауыты» АҚ базасында өрт сөндіру автокөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Баймырза Агро» ЖШС-і өз қаражатына ғимараттың шатыры, есігін және жылу жүйесін жаңартып берді.

«Өрт сөндіру бекеті жылытылатын бокспен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Төрт қызметкер және бір өрт сөндіру автокөлігі бар. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың жауапкершілік аймағында болған басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға, халыққа көмек көрсетеді», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар