Ақмола облысындағы ауыл бруцеллезге байланысты карантинге жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы Новомариновка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекенге шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитованың шешім-жобасында.

Шектеу шараларын енгізу туралы шешім бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енді.

Бірнеше күн бұрын Қарағанды облысына қарасты Мәди ауылдық округінде 3 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталып шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Қоса кетсек, биыл Шығыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар