Ақмола облысындағы Ақмол ауылында Монтессори кабинеті ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында тұлғаны дамыту орталығы жəне психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Ақмол ауылында аудан əкімдігінің қолдауымен «Батыр» қоғамдық бірлестігінің жанынан тұлғаны дамыту орталығы жəне «Дара» қорының №11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мəлғаждар Тəткеев, Целиноград ауданының іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Лəззат Қоңырбаева, «Дара» қорының жетекшісі Мəлике Бакиева, сондай-ақ педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.

Тұлғаны дамыту орталығы «Жақсылық жаса. Твори добро» қайырымдылық балынан түскен қаржыға ашылып отыр.

Ал, психологиялық - педагогикалық түзету кабинетіне келетін болсақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жеті жасқа дейінгі балалардың білім алуына жағдай жасап, психологиялық -педагогикалық қызмет көрсету деңгейін арттыратын болады.

«Мұнда эмоциялық және интеллектуалды дамуы нашар, ойлау, сөйлеу қабілеті төмен және тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балаларға педагог-психолог, логопед, дефектолог және денешынықтыру мұғалімі тәрізді мамандар тегін білікті және кешенді көмек көрсететін болады. Мамандар кабинет Монтессори материалдары, сенсорлы бөлме және ойын модулімен жабдықталған», дейді Мəлике Бакиева.

Соңғы жаңалықтар