USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы басталды

2021 жылғы 28 қазан 19:50
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды шараға жергілікті атқарушы органдар, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиялары, Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда.

Тактикалық оқу-жаттығу «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру барысында тасымалдағыш зымырандардың апаты салдарынан туындайтын төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.

«Облыстың барлық қалалары мен аудандарында оқу кіріспе жұмыстарын пысықтау мақсатында құрамына 14 азаматтық қорғау қызметі кіретін 139 құралым жедел штабтар жоғары дайындыққа келтірілді. Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантин нормаларын сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады», - деді ведомстводан.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT