Ақмола облысында жылына 360 миллион дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында жаңадан салынып жатқан жаңа құс фабрикасының құрылысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аталған жоба Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Құс фабрикасы жылына 360 миллион дана жұмыртқа өндіретін болады.

Нысанның құны 5 миллиард теңгені құрайды. Серіктестік 2018 жылдың 2-ші жартыжылдығына қарай толық жобалық қуатына шығуды жоспарлап отыр. Жалпы, жоба бойынша 8 тауық қорасының құрылысын салу көзделген. Биылғы жылдың соңына дейін оның екеуі салынып, іске қосылмақ.

Құс фабрикасын енгізу 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

Дайын өнім еліміздің солтүстіктегі облыстар мен Ресейге экспортталмақ.

Соңғы жаңалықтар