Ақмола облысында жылқы іздеуге шыққан қария жоғалып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 64 жастағы зейнеткерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, Жалғызқарағай ауылының тумасы 1954 жылғы Александр Досуев мамырдың 27 күні үйінен мотоциклмен жылқы іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Бұл туралы оның танысы бір күн өткеннен кейін полицияға  хабарлаған. Ер адам жалғыз тұрған.

Қазіргі кезде, Астана қаласы, Шортанды және Ақкөл аудандары аумағында іздестіру шаралары жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, ер адамның бойы 170-172 сантимметр, дене бітімі орташа. Үстіне кеудеше, қара түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кебіс киген.

Көрген адамдар болса, Ақмола облысының ІІД, Ақкөл аудандық ІІБ 8 (716 38) 2-10-02, 2-16-52, 8-771-700-79-11 телефон нөмірі арқылы хабарласуына болады.

Соңғы жаңалықтар