Ақмола облысында жыл соңына дейін тағы 5 елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл соңына дейін тағы 5 елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықталады.

Бұл туралы "Ақмола медиа орталығынан" хабарлады.

Биыл Ақмола облысына "Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2,77 миллиард теңге қаржы бөлінді.Оның 1,764 миллиард теңгесі жаңа 11 нысанның құрылысына, ал қалған 1,006 миллиарды 2010-2013 жылдары қолға алынған 4 нысанды аяқтауға бағытталған.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен 2 нысанды қаржыландыруға, 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына түзетуге, 2 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 10 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, аяқтауға 470,7 миллион теңге бөлінді.

2014 жылдың 1-ші сәуірінде облыс аумағында 615 елдімекен тіркелсе, оның 359-і орталықтандырылған (58,4 пайызы), 226-ы орталықсыздандырылған (36,7 пайызы) сумен жабдықталған. Ал 30 селода су тасымалданып жеткізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 елдімекенге кеміген.

Жыл сайын облыс аумағында орта есеппен 6-7 жаңа сумен жабдықтау нысандары пайдалануға беріліп, 8-9 нысанға қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 15 елдімекен де тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешілуде.

Жалпы облыс бойынша 2014 жылдың соңына дейін тағы қосымша 5 елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықталады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар