+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасы 187 рет бұзылған

2020 жылғы 7 ақпан 02:52
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасы 187 рет бұзылған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасының 187 рет бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілетем жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында заңсыз ауланған балық тиеген көлік ұсталды СҚО-да браконьерлер қабандарды Калашников автоматтарымен атқан Тауешкілерді заңсыз атып алған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, өңірде «Браконьер» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды. Биылғы жылдың 6 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында ұйымдастырылған акция барысында өңірдің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Шараның мақсаты – браконьерліктің жолын кесу, биологиялық ресурстар нысандарының заңсыз айналымы және қолданыстағы заңнаманы бұзуға қатысты өзге де заңбұзушылықтарды анықтау.

Осы ретте айта кетсек, Ақмола облысы аумағында «Бурабай», «Көкшетау» сияқты ұлттық екі саябақ пен «Қорғалжын» қорығы бар.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында жергілікті полиция қызметі, әкімшілік, криминальды және көші-қон полициясының қызметкерлерінен құралған 81 мобильдік топ құрылды. Оның 25-і жергілікті ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп құрылған.

«Тәртіп сақшылары бір ай ішінде 460-тан астам түрлі рейдтік шараларды қолға алды. Соның нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасының 187 рет бұзылғаны анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында 91 аңшы ҚР ӘҚбК 382-бабының 1-бөлігі бойынша (аңшылық ержесін бұзу), 38 әуесқой балықшы ҚР ӘҚбК 383-бабының 1-бөлігі бойынша (балық аулау ережесін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, аңшылық мылтықты сақтау, ұстау және тасымалдау тәртібі бұзылғаны анықталды. Тәртіп сақшылары 12 қару тәркіледі. Жалпы, аңшылар мен балықшыларға салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі 1 миллион теңгені құрады», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Ақмола облысы аумағында заңсыз аң аулаудың 5 дерегі, заңсыз балық аулаудың 1 дерегі анықталды. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT