Ақмола облысында жыл басынан бері 724 рет ұялы телефон ұрлау оқиғасы тіркелген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында 724 ұялы телефон ұрлау оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Статистикалық деректерге қарағанда, бұдан 10-15 жыл бұрын ұялы телефонды 20-35 жас шамасындағы адамдар ұрлайтын болса, бүгінгі күні ондай ұрлыққа кәмелеттік жасқа толмаған 9-12 жасар балалар ұрлыққа баратын болған.

Олар көбіне ҚР ҚК 175 бабына сай "Біреудің мүлкін ұрлау" сияқты қылмыстары үшін ақшалай айыппұл салынатынын, қоғамдық жұмысқа тартылатынын немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын біле бермейтін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар