Ақмола облысында жыл басынан бері 16 адам суға кетіп, 200-і құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері 16 адам суға кетіп, 200-ден астам адам құтқарылды.

Бұл туралы Ақмола облысының құтқару отряды мен Целиноград аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп «Су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бойынша жүргізілген рейд барысында белгілі болды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысы аумағында 700 су қоймасы тіркелеген. Оның ішінде Нұра және Есіл өзендері өте қауіпті болып саналады. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста барлығы  16 адам суға кеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге аз көрсеткіш.

Ақмола облыстық ТЖД жедел құтқару отрядының басшысы Дәулет Шамиғановтың айтуына қарағанда, су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша суға шомылу маусымы кезінде 100-ден астам рейд жүргізілді. Сондай-ақ,  500 мыңнан астам буклет таратылып, демалушыларға суға шомылу ережесі түсіндірілді.

«Біздің құтқарушылар 1200 балаға тегін суда жүзуді үйретті. Біз тұрғындарды суға түскенде сақ болуға шақырамыз. Төтенше жағдайды болдырмау үшін арнайы белгіленген жерде шомылған дұрыс», - дейді.Д.Шамиғанов.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, өңірде суға шомылу маусымы ауа райына байланысты тамыз айында ашылып отыр.

null null  

Соңғы жаңалықтар