Ақмола облысында жүргізуші екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, мамырдың 15-де түнгі сағат 01:00-де Бұланды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жол патруль полиция батальонының қызметкерлерінен Макинск қаласындағы Ғабдуллин көшесінің бойында орналасқан «Болашақ» дүкеніне қарама-қарсы тұста жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат түскен.

Жол апатынан түрлі дене жарақатымен екі адам аурханаға түсіп, кейін зардап шеккен адамның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жаяу жүргіншілерді соққан көлік жүргізушісі, Макинск қаласының 39 жастағы тұрғыны оқиға орнынан қашып бой тасаламақ болған. Жүргізушіге Бұланды аудандық ПБ іздеу жариялады.

«Іздеу жарияланған ер адам таңғы сағат 08:00 шамасында Макинск қаласының көшесінде жүрген жерінде ұсталды. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар