Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты тергеу басталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Целиноград аудандық полиция бөліміне Астанадағы қалалық ауруханаға «жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, іш және кеуде қуыстарының жарақаты, бел омыртқасының зақымдануы» диагнозымен аталған ауданның 48 жастағы тұрғыны жеткізілгені хабарланған.

Белгілі болғандай, жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүрген ер адамды көлігі қысып қалған.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалған еді.


Соңғы жаңалықтар