Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына мүмкіндігі шектеулі адамдар да тартылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданындағы жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 13708 мың теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгінгі таңда Целиноград ауданының жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға 44 адам ниет білдіріп отыр. Оның екеуі оралман болса, біреуі - мүгедек, 22- сі - әйелдер. Оларға жұмыспен қамту орталықтарындағы мамандар тарапынан ақыл-кеңестер беріліп, бағдарламаның мүмкіндіктері түсіндірілді.

Ағымдағы жылы бағдарламаның үшінші, яғни «оқыту және қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту» бағыты бойынша 38 адамды жастар тәжірибесіне жіберу көзделген. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 7285 мың теңге бөлінген.

Ал әзірге жұмыспен қамту орталығымен 22 адам ғана, оның біреуі мүгедек, жастар тәжірибесіне жіберілген. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде, азаматтарды 12 ай мерзімінде әлеуметтік жұмыстарға орналастыру да қарастырылған. Мәселен, 2014 жылы 26 адамды, оның ішінде 3 мүгедекті әлеуметтік жұмыстарға жіберу жоспарланған болса, қазірдің өзінде 22 адам әлеуметтік жұмыстарға тартылған. Осы бағытта, республикалық бюджеттен 2014 жылға 5672 мың теңге қаржы бөлінген», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар