Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы 100 пайыз жүзеге аспаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген 4 миллиард 33 миллион 995 мың теңгенің 94,9 пайызы яғни, 3 миллиард 827 миллион 215 мың теңгесі ғана игерілген. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында айтылды.

Бақылау жұмыстары Тексеру комиссиясы мен Есеп комитетінің Ақмола облысына 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының игерілуін анықтау бойынша жүргізілген.

Алайда, бақылау нәтижесі көрсеткендей, облыста үш дәрігерлік амбулаторияның құрылысы мен Зеренді ауданы Алексеевка селосындағы ақыл-есі кем науқастарды емдеу ауруханасының көкөніс қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жоспарланған жұмыс орындарын ашу бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен мақсатты трансферттердің нәтижесі жөніндегі келісімшарт талаптары бұзылған. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарының бос жұмыс орындары бойынша есепке алу жұмыстары да тиісті деңгейде болмай шықты.

Тексеріс қорытындысына сай, облысқа 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4 миллиард 33 миллион 995 мың теңге бөлініп, оның 94,9 пайызы яғни, 3 миллиард 827 миллион 215 мың теңгесі ғана игерілген.

Соңғы жаңалықтар