Ақмола облысында жүк пойызының вагондары ағытылып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүк пойызы вагондарының ағытылып қалуына байланысты «Мәскеу-Қарағанды» жолаушылар пойызы 1 сағаттан астам уақытқа кешікті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай 11 сәуірде таңғы уақыт 08:46 шамасында Аршалы ауданындағы №40 және 42 стансалар аралығында орын алды. Астана және Қарағанды бағытындағы № 502 жүк пойызы (49 вагон тіркелген) вагондары ағытылып қалған. Осының салдарынан «Мәскеу-Қарағанды» жолаушылар пойызы 1 сағаттан астам уақытқа кешігуіне тура келді. Көп ұзамай аталған темір жол бойында жол қозғалысы қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар