Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.
«Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының 32 жылқыны қағып кетті. Апат болған жерде пойыздың 50 минут тоқтап қалды. Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны жылқылардың иесі ретінде анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада

Фото: t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар