Ақмола облысында ЖШС директорын атып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полиция ЖШС директорының өліміне қатысты қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні Есіл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ЖШС аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, серіктестік директоры екенін анықтады. 

Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Аталған факт бойынша  ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар құрылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар