Ақмола облысында жолда қалған 50-ден астам адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты жолда қалған 51 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құтқару жұмыстары Жақсы, Зеренді, Атбасар және Бурабай аудандары аумағында жүргізілді. Эвакуацияланғандар алдын ала дайындалған жылыту пунктеріне жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасына болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері «Шортанды-Нұр-Сұлтан қаласы» аралығында 16 автокөлікті, «Щучье-Көкшетау қаласы» аралығында 80 автокөлікті екі автоколонамен діттегн жеріне жеткізді. ТЖД жеке құрамынан 370 адам және жол талғамайтын 76 автокөлік жұмылдырылды. Сонымен бірге, жолда қалған азаматтарды қабылдауға және уақытша орналастыруға 268 жылыту және 193 тамақтану орны дайындалды. Облыстағы автокөлік жолдарында жедел медициналық көмек көрсететін үш мобильдік медициналық-құтқару пункті (Аршалы, Бұланды және Жақсы аудандарында) жұмыс істейді, олар шұғыл жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылуы мүмкін», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар